ДЕҚОҚ (Денсаулық Еңбек және Қоршаған Ортаны Қорғау)
Компанияда СТ РК ИСО OHSAS 18001 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджмент жүйесі» енгізілген.
OHSAS талаптарына сай келетін менеджмент жүйесінің енгізілуі компанияға біршама артықшылық береді. Солардың бірнешеуін атап өтейік.
Ұйымдастырушылық:
- жүйелік басқару
- процестер мен функциялардың келісілген өзара іс әрекеті
- Стратегиялық шешімдерді жасау үшін жоғарыдағы басшылықтың босатылуы
Экономикалық:
- тәуекелдерді және олармен байланысты шығындарды, айыппұлдар көлемі мен төлемдері төмендету;
- еңбек өнімділігін арттыру
- ресурстарды тиімді пайдалану
- наразылықтардың санын азайту
- білім мен тәжірибенің сабақтастығы
Беделдік:
- барлық мүдделі тараптардың алдында беделін жақсарту;
- қызметкерлердің ниеттестігін арттыру, психологиялық климатты жақсарту
- жеткізушілермен қарым-қатынасты жақсарту
- инвестициялық тартымдылығын арттыру
Стратегиялық:
- нарықтық бағаны көтеру (капиталдандыру)
- бизнесті көбейту мүмкіндігі
- компанияның зияткерлік әлеуетіне қызметкерлердің білімдері мен дағдыларын трансформациялау
- бизнес-процестерінің реинжинирингке дайындығы
Сондай ақ компанияда СТ РК ИСО 14001 экологиялық менеджмент жүйесі енгізілген.
Компанияның қызметіне ISO 14001 экологиялық менеджмент стандартты енгізу бірқатар артықшылықтары береді:
- энергияны тұтынуды және материалдар шығындарын төмендету;
- қалдықтар саны мен оларды пайдалануға кеткен шығындарды азайту
- өнімділікті арттыру және бизнестің тиімділігі;
- қоғам мен клиенттердің алдында іскерлік мүмкіндіктерін кеңейту, имиджін жақсарту
«Вест Моторс Сервис» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына ие Аттестаты бар, сондай ақ әрбір филиалда “Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” , “Өнеркәсіптік қауіпсіздік” және “Өрт-техникалық минимумы” бойынша курстар өткізу үшін жабдықталған оқу сыныптары бар.